Қазақстанның жемқорлықты қабылдау индексі бойынша көрсеткіштері жақсарып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі бойынша сынға түскен елдер рейтингінде 31 ұпай жинап 122 орынға табан тіреді. Соның арқасында 2 ұпаймен өз көрсеткішін 9 сатыға жаңартты. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді.

«Бұл баға Transparency International Қазақстанның рейтингіне енгеннен бергі ең жоғарғы көрсеткіші (1999 жылы - 23 ұпай) болып табылады. Осындай нәтижелерге қол жеткізу, 30 ұпайлық өлшеммен есептелетін ең жемқор елдер санатынан шығып кетуге мүмкіндік береді»,-деді Саян Ахметжанов.

Ол өткен жылдағыдай Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі 9 халықаралық рейтинг агенттіктерінің деректері негізінде құрылғанын жеткізді.

Transparency International сарапшыларына сілтеме жасай отырып, ол Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің бүкіл әлемдегі құлдырау көрсеткіштерінің жанында Қазақстанда ілгерілеушілік байқалғанын айтты.

«Айта кетерлігі, оң өзгерістерге елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-тәжірибені ұсынған әрбір халықаралық ұйымның өкілдеріне елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін қолданылған механизмдер мен шараларды таныстыру арқылы қол жеткізілді»,-деді спикер.

Соңғы жаңалықтар