Қазақстанның үздік баспасөз xатшысы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Astana Media Week" апталығы аясында үздік баспасөз қызметтері марапатталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, "Жергілікті атқарушы органның үздік баспасөз қызметі" аталымында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқ бойы озық шықса,
null
квазимемлекеттік салада "Қазақстан теміржолы" АҚ баспасөз қызметі жеңіске жетті.
null

Астана қаласының ресми сайты "Үздік корпоративті сайт" атанды.

null

Ал ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов кәсіби дайындығы үшін арнайы сыйлықпен марапатталды.

null  

Ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз xатшысы Әнуар Жайнақов жылдың үздік баспасөз xатшысы атағына ие болды.
null

null

Мемлекеттік органдардың ішінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі үздік деп танылды. 

null  

 Айта кетейік, бүгінде мемлекеттік органдардың ақпаратты ашық әрі жылдам таратуы аса маңызды. Сол себепті ресми сайттар мен ашық электронды платформаларды дамыту жұмысына баса назар аударалып келеді. Осы орайда баспасөз қызметтерінің де атқарар рөлі зор. "Astana Media Week" апталығы аясындағы марапаттау осы қызметті күшейтуді көздейді.

Соңғы жаңалықтар