Қазақстанның үздік ауыр атлеттері өзара күш сынасады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада 1-5 наурыз аралығында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы мен чемпионаты өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Оған Астана, Алматы қалалары  мен  облыстардан 16 команда  200-ден аса спортшы 16  салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды  іріктеу сыны болып табылады.

Сондай-ақ, 105 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі.

Жарыстың басталуы 1 наурыз сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 14.30-да «Евразия» спорт кешенінде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар