Қазақстанның «Үздік актері» анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Актер Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан театрлар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен, Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, кино актері Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды.

Ол театр сахнасында Хлестаков, Люченцио, Қожа, Әмір, Артур сынды көптеген рөлдерімен қалың көрерменнің жүрегінен орын алып жүрген актер. Ал кино әлемінде «Алдар көсе», «Шәмші аға» бейнелерімен көпшілік қауымға кең танылған.

Сондай-ақ, жас әрі талантты актриса «Тілеп-Сарықыз» қойылымында Сарықыздың сүйкімді бейнесімен, «Моцарт» мюзклінде Алоизияның әдемі ырғақты дауысымен көрерменнің көз айымы болып жүрген Назерке Серікболова Сахнагердің арнайы «Үміт» сыйлығымен марапатталды. 

27 наурыз - Халықаралық Театр күні мерекесіне орай 

Соңғы жаңалықтар