Қазақстанның үш облысында дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАпарат - Қазақстанның үш облысында дауыл болатыны жайлы ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК.

23-24 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында  оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Оралда 24 қаңтар күні оңтүстік-шығыстан соғатын жел 18 м/с-ға дейін күшейеді.

24 қаңтарда Қостанай облысында тәулік бойы боран болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

24 қаңтарда ОҚО-да шығыстан соғатын жел  тәулік бойы сақталып, желдің жылдамдығы 23 м/с-ны көрсетеді.

26-29 қаңтар аралығында ОҚО-да ауа температурасы түнде 15-20 метрге дейін төмендеп, кей жерлерде 25-30 және 30-35 градус аязға дейін барады.

Соңғы жаңалықтар