Қазақстанның үш этникалық театрына академиялық атақ берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш этникалық театрына академиялық атақ берілді. Бұл туралы бүгін "Саxнагер-2017" ұлттық театр сыйлығын табыстау рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұзамедиұлы мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Әлемде бірегей ұйғыр театрлары сәтті жұмыс жасауда. Бірақ әлемде республикалық деген атаққа ие жалғыз ұйғыр театры Қазақстанда ғана. Біз үшін бұл үлкен мәртебе. Былтыр 80 жылдықты атап өткен бұл керемет ұжымға "академиялық" құрметті атағы беріліп отыр", - деді А. Мұxамедиұлы.

Сонымен қатар министр академиялық атақты беру туралы сертификатты республикалық неміс және республикалық кәріс театрларына да табыс етті. Оның айтуынша, аталмыш атақтар Президенттің тапсырмасымен беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар