Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы 25 жылдығын атап өтуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының құрылғанына 25 жыл толды. 

19 мамыр күні Курчатовта халықаралық кеңес өтіп, оның жұмысына өңір басшысы Даниал Ахметов, энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев қатысты.

Мерейтолық датаға орайластырылған халықаралық шараға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Жапония, Беларусь және Әзербайжан елдерінің ғалымдары жиналды. Семинар аясында «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Н.А.Доллежаль атындағы ғылыми-зерттеу және конструкторлық энерготехника институты» АҚ арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО-ның ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ұлттық ядролық орталығы 25 жылда сынақ жүзіндегі зерттеулер мен ядролық реакторлардың инновациялық жобалары саласында әлемдік көшбасшыға айналды. Елде ғылымды дамытуға және атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалануға үлкен көңіл бөлінеді.

Іс-шара барысында облыс әкімі атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыстардың негізгі үлесі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

«Дәл біздің Президент мемлекет басшылары арасында бірінші болып ядролық сынақ алаңын жапты. Қазақстан ерікті түрде әлемдегі төртінші ядролық әлеуетінен: 1200 ядролық оқтұмсығы бар 110 баллистикалық зымыраннан бас тартып, ел қауіпсіздігінің халықаралық кепілдігін алды. Орталық Азияны ядролық қарудан ада аймақ ретінде жариялады және бүгінде құрамына 21 мемлекет еніп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бастамашысы болды», - деді Д.Ахметов.

Курчатовта «Токамак термоядролық материалтану реакторын құру» бірегей зерттеу қондырғысының құрылысы аяқталуға жақын. Ол термоядролық синтез саласында зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Жоба «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде өзінің лайықты орнын табатын болады. 

Соңғы жаңалықтар