Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Орман Кәрімұлы Нұрбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Орман Кәрімұлы Нұрбаев 1966 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген.

Краснояр жоғары командалық радиоэлектроника училищесін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмандаған.

1987 жылдан Киров облысындағы №48730 әскери бөлімінің радио-желілік жүйесінің бастығы. 1988 жылдан - Краснояр өлкесіндегі №71199 әскери бөлімінің радиожелілік жүйесінің бастығы. 1993 жылдан - №31767 әскери бөлімнің радожелілік жүйесінің (Семей) бастығы. 1994 жылдан - «Нарбота» қайырымдылық коммерциялық-кәсіпкерлік орталығының менеджері, бас директоры (Семей).

Әр жылдары ҚР-ның Малайзиядағы елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР-ның Тәжікстандағы елшілігінің бірінші хатшысы. 2002 жылдан - ҚР-ның Өзбекстандағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасының Ситуациялық орталығының сектор меңгерушісі, Сыртқы саясат орталғының бас инспекторы, ҚР-ның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметтерін атқарған.

2012 жылдан ҚР-ның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

 

  

Соңғы жаңалықтар