Қазақстанның талантты 2 мың адамының тізімі бар - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның талантты 2 мың адамының тізімі бар. Бұл жайында отандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында Қазақстан Президенті еліміздің талантты 100 тұлғасын таңдауға қатысты пікір білдірді.

«Жаңа есімдер болды. Ғажайып жетістіктерге жеткен жастар болды. 30 жастағы азамат адамның қолын, аяғын жасайтын бионикалық құрал жасап шығарды. Университеттің 3-4 курсында оқып жүріп, соның жертөлесінде жасаған. Содан кейін сырқаттан көзі көрмей қалған жас қыз композитор болып, музыкасын жазып, дүниежүзіне белгілі адамға айналды. Құлағы естімейтін  қыз суреттері әр жерлерде көрсетілетін суретші болды. Міне, ішімізде осындай таланттар бар. 2 мың адамның тізімі бар. Оның  ішінен жүзін таңдап алдық», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы дүниежүзілік оқулықтарды қазақ тіліне аудару жайына да тоқталды.

«Экономика» пәнін алар болсақ, «Экономикс» деген оқулық бар. Ол қазақ тілінде болмаған. Қазір 18 кітапты қазақ тіліне аудардық», -  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар