Қазақстанның сумен жабдықтау жобаларына 1,3 трлн теңге займ қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыру үшін 1,3 трлн теңге көлемінде сыртқы қарыз қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен парламенттік тыңдауда Азия даму банкі Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таяуда біз Үкіметпен ауылды елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа жобаларды іске қосу мүмкіншілігін талқыладық. Аталған жобаның аясында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтаудың ағымдағы көлемі 4 еседен астамға ұлғаяды деп күтілуде. Бізге қажет етілетін инвестицияның жалпы көлемі шамамен 1,3 трлн теңге екендігі айтылды. АДБ Қазақстанның бюджеттен тыс қаржы көзін іздеу қажеттілігін ескере отырып, аталған жобаға қолдау көрсету мәселесін қарастыруға дайын», - деді ол.

Оның айтуынша, АДБ барынша тартымды шарттармен тәуелсіз қарыз аясында жеңілдікпен қаражат ұсына алатындығын мәлім еткен.

«Инвестиция ауқымы мен тарифтердің артуына ықпалын назарға ала отырып, біз ел басшылығына барынша төмен шығындамен және ұзақмерзімді тиімділікпен қаржыландыру нұсқасын қарауды ұсынамыз», - деді ол.

Джованни Капаннеллидің айтуынша, АДБ Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру саласындағы жұмыстарға тартылған. 2006 жылы «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 5,3 млрд теңге займ бөлген. Аталған қаражат Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ауылдық елдімекендерін сумен қамтамасыз ету жұмыстарына жұмсалған.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтті. Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Инвестициялар және даму министі Жеңіс Қасымбек, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар