Қазақстанның солтүстігіне боран жақындап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағына Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан атмосфералық ағындар келеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Соның салдарынан 2017 жылғы 14-16 қараша күндері жер-жерлерде жауын-шашын, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, күшті жел тұрып, солтүстік облыстардың кей жерлерінде боран соғады.

Өйткені тропосфералық ауа ағындары негізінен батыс бағыттарына ие болады, ауа температурасының күрт өзгеруі байқалмайды, әр жылдың осы кезеңіне қарағанда ол 2-5 градус жоғары болады. 14 қарашада Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі.

14-16 қараша күндері Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман болады.

Соңғы жаңалықтар