Қазақстанның СІМ өкілдері Стокгольмде зардап шеккендер туралы ақпаратты тексеріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Стокгольмде болған жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Швециядағы өкілдігі Стокгольмде көліктің адамдарды басып кету оқиғасының мән-жайын анықтауда. Біздің дипломаттар Швеция астанасында зардап шеккендер туралы ақпаратты тексеруде»,-деп хабарлад ол. 

Жайнақовтың айтуынша, қазіргі таңда Швециядағы ҚР елшілігінің консулдық есебінде 120-ға жуық Қазақстан азаматы тұр.
Бұрын хабарланғандай, Швеция астанасының орталығында жүк көлігі жаяу жүргіншілерді басып өткен еді. Швеция радиосы үш адамның қаза тапқаны туралы ақпарат жариялады.

Швеция премьер министрі Стефан Лёвеннің мәлімдеуінше, барлық деректер лаңкестік әрекетке меңзейді.

Соңғы жаңалықтар