Қазақстанның сегіз өңірінде сабақ тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО мен Павлодар облыстарының орта мектептерінде аязға байланысты сабақ тоқтағанына бүгін үшінші күн болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 24 қаңтар күні қатты аязға байланысты Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы мен барлық аудандарында 1-11 сыныптар аралығында, 1-2 ауысымдар бойынша сабақ тоқтатылды.

Павлодар облысында да 1-11 сыныптар аралығында 1 ауысымдар бойынша сабақ тоқтатылды.

Тілшілер мәлімдегендей, бүгін Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларының 1-11 сынып оқушылары сабаққа барған жоқ.

Астана қаласы, СҚО және Ақмола облысының да 0-11 сыныптары бүгін үйлерінде отыр. Қостанай мектептерінде 0-9 сыныптарға сабақ тоқтатылды. Сонмен қатар, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 15 мектептің бастауыш сыныптары сабақтан босатылды.

Соңғы жаңалықтар