Қазақстанның Ресеймен батыс шекарасына айыппұл төлеу терминалдары орнатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Ресей Федерациясының Астрахань облысымен түйісетін шекараға елден шығар алдында айыппұл төлеуге арналған терминал орнатылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

«Котяевка» шекара бекетіндегі айыппұл төлеу терминалы Қазақстанның әкімшілік құқық бұзып, қалада немесе басқа да елді мекендерде айыппұлдарын төлеп үлгермей қалған бейрезиденттері үшін қолайлы болмақ. Қазір олардың төлеуді ұмытып немесе білмеген мемлекет алдындағы қарыздары үшін шекарадан шығуға тыйым салынған.

Көп адамның Атырауға қайтуына тура келген. Енді терминал арқылы айыппұлдарын төлеп, Қазақстан шекарасынан асып кете алады», - дейді «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Өтепбаев.

Қазіргі уақытта Атырау қаласында айыппұл төлеуге арналған төрт терминал орнатылған - әуежайда, теміржол вокзалында, халыққа қызмет көрсету орталығында және құқық қорғау қызметі орталығында.

«Котяевка» шекара бекетінде тәулік бойы жұмыс істейтін пошта бөлімшесін ашуды жоспарлап отырмыз. Ол шекара маңындағы көптеген тұрғындар үшін қызмет көрсететін болады», - деді Б.Өтепбаев. 

Соңғы жаңалықтар