Қазақстанның өрт сөндірушілері мен құтқарушылары арасында үздіктер анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кубогі үшін республикалық жарыс өтті. 

Тартысты бәсекеге өңірлерден барлығы 20 команда, 500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Республика бойынша алғаш рет ұйымдастырылған спорттық шараға «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы белсене қатысты. Ептілік пен төзімділікті қажет ететін спорттық сайыста сондай-ақ Тараз, Шымкент, Көкшетау, Қызылорда қалаларындағы мамандандырылған колледждердің студенттері де бақтарын сынады.

Екі күнге созылған жарыс тартысты өтті. Қашанда қырағылығын жоғалтпайтын батыл да епті өрт сөндірушілер спорттық жарыста да шапшаңдықтарын байқата білді. Олар жаттығу мұнарасының жоғарғы қабаттарына шабуыл сатысымен шығудан, жүгіруден бәсекеге түсіп, өрт орын алған жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін көрсетті.

Жалпы командалық есепте ерлер арасында бірінші орынды Астана қаласының командасы жеңіп алса,  екінші орын Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлеріне бұйырды. Үшінші  орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы  иеленді.  Ал әйелдер арасында бірінші орынды - Алматы қаласы, екінші орынды - Астана қаласы, үшінші орынды Оңтүстік Қазақста облысы алды.

«Өрт сөндіру мен құтқарудан спорттық жарыс біздің өңірде алғаш рет өтіп жатыр. Спорттық шараға 500-ден астам адам қатысуда. Тартысты өткен сайыста барлық командалар жақсы дайындықпен келгенін байқадық. Жалпы, спортпен шұғылдану құтқарушыға да, өрт сөндірушіге де қажет. Біз де үнемі қызметкерлеріміздің тұрақты түрде спортпен шұғылданып отыруына жағдай жасаймыз», - деді облыстық Төтенше жағдайлар депатаментінің бастығы Нұрболат Дербісов. 

Соңғы жаңалықтар