Қазақстанның оңтүстігінде 45 градусқа дейін аптап ыстық болуы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 25-27 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарын жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылай бермек.

Республиканың оңтүстік бөлігінде қатты ыстық болады, термометр бағандары күндіз плюс 40...45º С -қа дейін жоғарылайды. Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы 27-33, кей жерлерде 35...38º С-қа дейін көтеріледі.

Бірқатар облыстарда аптап ыстықтың салдарынан ескерту жарияланды. 25-29 шілде аралығында күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градусқа дейінгі аптап ыстық болуы мүмкін. 25-29 шілде күндері күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 45 градусқа дейінгі қатты ыстық күтілуде. 26-30 шілде күндері күндіз Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градустық аптап ыстық болады деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар