Қазақстанның оңтүстігінде 33 градус аяз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Карск теңізінен ығысқан суық антициклон Қазақстанға қарай әлі жылжып келеді. Антициклон әкелетін қатты аяз республиканың солтүстік және шығыс облыстарына да жетеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде аяз күшейе түсіп, орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарға жетеді. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі ауа температурасы минус 40-45 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста кей жерлерде 28-33 градус аяз, яғни климаттық нормадан 10...18 градусқа суық болады.

Еске салайық, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты 26 қаңтарға дейін ескерту жарияланады. 

Соңғы жаңалықтар