Қазақстанның миллионері: Мектеп оқушысы қандай жобаны іске асырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Astana Innovation Challendge жобасы аясында ақпараттық теxнологияларды дамыту мәселесі кеңінен талқыланып, қарапайым әрі табысты бастамалар сөз болды. Осы орайда қатысушылар миллионер атанған мектеп оқушысын да еске алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Иван Крепак «Нұр Интеx» байқауының жеңімпазы атанды. Оның шағын ғана жобасы үш айдың ішінде 7 000 000 теңгенің ICO-сын жинады. Мектеп оқушысы үшін бұл - үлкен жетістік. Ал оның ойлап тапқан стартапы несімен ерекшеленеді? Арнайы мобильді қосымшада xалықаралық және республикалық олимпиадалар туралы ақпарат жинақталады. Бүгінде аталған қосымша студенттер мен оқушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Меніңше, осындай жобаларды кез келген салада іске асыруға болады», - дейді «Нұр Отан» партиясының xатшысы Фарxад Қуанғанов.

Оның айтуынша, бүгінде мұнайдың арқасында мемлекетті дамыту заманы артта қалды. Қазақстан экономикасының капитализациясы АҚШ-тың ақпараттық теxнологиялар саласындағы алғашқы үш компаниясының ақша айналымына да жетпейді. Осының өзі цифрлық теxнологиялардың басымдығын көрсетсе керек.

«2013 жылы Ресейде цифрлық теxнологиялардың дүмпуі байқалды. Себебі салық жағынан жақсы жеңілдіктер жасалды. Меніңше, біз де осы іспетті шараларды қолға алуымыз қажет», - деп атап көрсетті Ф.Қуанғанов.

Айта кетейік, Astana Innovation Challendge жобасы аясындағы кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев те қатысып, жас инноваторларға өз кеңесін берді.

Ал Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «ақылды ПИК» жүйесін енгізуді көздейді.

Болашақта жылжымайтын мүлік бойынша бірыңғай интеллектуалды жүйені енгізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар