Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы қанша

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында Euroclear жүйесі арқылы теңгемен еврооблигациялар шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік борыш 13,5 трлн теңгені (40,6 млрд АҚШ доллары) немесе жалпы ішкі өнімнің 26 пайызын құрады. 2017 жылы бюджетке борыштық жүктеме кірістердің 15 пайыз лимитінде 8,8 деңгейінде қалыптасты», - деді министр.

Оның айтуынша, валюталық тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында 2016-2017 жылдары мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару ішкі нарықта ғана жүзеге асырылды. Сондай-ақ 2016 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017-2019 жылдарға арналған сыртқы қарыз алу қоржыны оңтайландырылды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында Euroclear жүйесі арқылы теңгемен еврооблигациялар шығару жоспарланған. Қарыз алу көздерін әртараптандыру мақсатында сондай-ақ, ислам облигациялары сукукты шығару да жоспарда бар», - деді Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ, жиында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның мемлекеттік қарыздар деңгейі ерекше бақылауға алынатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар