Қазақстанның мәдениет қайраткерлері Еуразия сыйлығына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық шығармашылық Одақ «Ерекше жетістіктері» үшін Қазақстанның бірқатар өнер және мәдениет қайраткерлеріне Еуразия премиясын табыстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ерекше жетістіктері» үшін табысталатын Еуразия премиясы - бұл өнер, әдебиет, ғылым мен спорт, әлеуметтік маңызы бар жетістіктер үшін берілетін халықаралық марапат. Халықаралық сыйлық 2013 жылдан бастап беріліп келеді.

18 номинация бойынша аталған марапатқа 30 адам ие болды. Қазақстандық лауреаттардың қатарында композитор Арман Дүйсенов, Әліби Мәмбетов, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен әнші Жанна Саттарова (қайтыс болғаннан кейін), мүсінші Эдуард Казарян, Лермонтов атындағы драма театрының әртісі Татьяна Банченко, биология ғылымдарының докторы, республикалық басты ботаникалық бақтың директоры Гүлнар Ситпаева, ҚР Бас онкологы Диляра Қайдарова, цирк шебері Мұрат Мұтырғанов, режиссер Ақан Сатаев және тағы басқалары бар. Әлемдік кино өнеріне ерекше үлесін қосқаны үшін Асанәлі Әшімов, цирк өнерін өркендеткені үшін Мұрат Мұтырғанов марапатталып, радионың дамуына серпін берген үшін Гүлбахор Хасанова мен Диана Снегина сыйлыққа ие болды.













Халықаралық деңгейдегі қайраткерлерге марапат 12 қыркүйекте Мәскеуде - РФ Дипломатиялық академиясында, ал қазақстандықтарға Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығында табысталды. Еуразиялық шығармашылық Одақ - ол коммерциялық емес қоғамдық ұйым болып табылады. Оның басты мақсаты - адамдардың интеллектуалдық және шығармашылық дамуына қолдау білдіру. Еуразиялық шығармашылық Одақтың президенті - қазақстандық ақын, драматург Карина Сарсенова.

Соңғы жаңалықтар