«Қазақстанның Қытайдағы достары клубы» Бейжіңде үшінші отырысын өткізді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде «Нұрлы жол» - Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының және «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамасының түйіндесуіндегі мәселелер» тақырыбында «Қазақстанның Қытайдағы достары клубының» үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі. 

ҚХР-дағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев отырыс барысында Қазақстан Президентінің маңызды бастамалары туралы айтып берді.



«Жібек жолының экономикалық белдеуін» қалыптастыру туралы бастама - екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңінің басталуын көрсетеді (...). Бүгін де біз «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бірін-бірі толықтырып жатыр деп сеніммен айта аламыз», - деді ол.

«2015 жылдың желтоқсан айында құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан инфрақұрылымының ошағына айналып, ЕАЭО мен Орталық Азия қаржы хабінің рөлін атқаруы керек», - деп атап өтті Нұрышев.



Ол «Бес институционалдық реформа» Ұлт жоспары инвестициялық тартымдылықты арттырып, бизнес-климаттың оң қалыптасуына ықпал ететіндігін ескеріп өтті.



Еске салайық, «Қазақстанның Қытайдағы достар клубы» 2015 жылдың 10 қараша күні құрылды. Оның құрылтайшылар отырысында «Біз бен Сіз: Қытай мен Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Соңғы жаңалықтар