Қазақстанның қой еті Қытай нарығына шығуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қытайдың Сапа, тексеріс және карантинді бақылау бойынша бас басқармасы (AQSIQ) мен Сертификаттау мен тіркеу жөніндегі бас басқармасының өкілдерімен кездесу өтті.

Онда Қазақстанның ветеринарлық жүйесін бағалау, Қытайға шығарылуы мүмкін қой еті өнімдеріне қойылған ветеринарлық-санитарлық талаптар жайы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланғанындай, сәуірдің 19-27 аралығында, Қытай делегациясы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен Сарапшылар қауымдастығы ұсынған қой етін өндіретін бірқатар кәсіпорындарды аралап, оларға тексеру жүргізеді. Бұл ретте Қытай мамандары тартылған арнайы инспекция қазақстандық әріптестерімен бірлесіп еліміздің 5 өңіріндегі ірі ет өндіруші кәсіпорындардың жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

«Айта кетерлігі қазіргі таңда Қытайдың Сертификаттау мен тіркеу жөніндегі бас басқармасына әлем бойынша 100-ден аса мемлекет 10 мыңға тарта ұсыныс тастаған. Олар Қытайдан оң қорытынды алу кезегін күтуде. Алайда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметовтың ағымдағы жылғы сәуір айының басында Қытай Халық Республикасына іс-сапары аясында жасалған келіссөздердің арқасында, Қазақстаннан түскен ұсыныстарға айрықша мән беріліп, мерзімі жеделдетілді», - делінген баспасөз баянында.

Тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша, қазақстандық қой етін қытай нарығына шығаруға рұқсат беру мәселесі қаралады. 

Соңғы жаңалықтар