Қазақстанның киелі орындары: «Күн қала» атанған қай қала

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқайым қалашығы былтыр «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасына енді. Қостанай облысында орналасқан қалашықтың бір бөлігі Ресеймен шектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қостанайлық өлкетанушы Қуаныш Ормановтың айтуынша, бұл қалашықты ойнап жүрген балалар тауып алған деген дерек бар.

«2010 жылы ғалым Қойшығара Салғараұлымен бірге Арқайым аймағына барып қайттық. Қазақстанның Ресеймен шекарасына жақын, ертедегі қазақ жұртының бір қанатына орналасқан бұл көне қалашықтың бізді қызықтыруы заңды да еді. Табиғи-географиялық жағынан келсек, бұл Жайық пен Тобылдың сол жағалауларының аралығындағы құнарлы, ұсақ төбелі, кішкене өзендер өрнектеген, тоғайлы, шалғынды аймақ «қалалар елі» аталып жүрген көне өркениет орталығына негіз болған. Бұл алқапты кеңес дәуірінде зерттеуді В.Генинг деген ғалым бастаған еді, ал Арқайымды тауып «Күн қала» атандырып көпшілік қауымға алып шыққан Генадий Зданович еді», - дейді өлкетанушы.

null 

Арқайым қалашығы 1987 жылдың жаз айында Ресейдің Қараған алқабын су қоймасына айналдыру жұмыстары кезінде ашылды. Әуелі, Челябі мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы су астында қалып қою қаупі бар жерлерді анықтады. Экспедицияның бір тобы Үлкен Қараған мен Өтеген (Утяканга) өзендері аумағын зерттей бастады. Археологтармен еріп жүрген бір бала қорғанның қалдықтарын тапқанын айтады. Осылайша, қирандыларға қарап, қалашықтың орны табылды. Оның жалпы ауданы - 20 мың шаршы метр.

 Арқайымды әуе кеңістігінен қарағанда мөрге, дөңгелекке ұқсас қала сұлбасы айқын көрінеді. «Арқайым» атауы да кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені, жақын маңда осы аттас тау болған. Бұл қалашықтың тағы бір ерекшелігі - табиғат апатына ұшырамай, бұзылмай, толық қалпында сақталған.

null 

Қала - Андронов мәдениетінің ғажайып бір бөлшегі. Арқайым - алдырмас бекініс, қамал. Әуеден бақылап ұшып өткенде  бірінің ішіне бірі кіріккен қос мықты қорғаныс қабырғасын көруге болады. Қираған тұрғын үйлер орны, орталық алаң және 4 қақпа айқын көрінеді. Ішкі қабырғаның диаметрі - 85 метр, ал сыртқы қабырға - 143-145 м. Сыртқы қабырғаның қалыңдығы 4-5 метр, онда арнайы қорғаныс тесіктері мен мұнара бар, биіктігі - 3,5-5 метр. Бекініс қабырғасы ірі-ірі саз балшықты блоктардан тұрғызылған және аракідік таспен (Аланд, Ольгин тастары) қапталған. Ормен мықтылап құрсауланған. Ордың ішкі жағы ағашпен, шикі кірпішпен қаланған не балшықпен сыланған тоқыма талдармен мықталған. Айналдыра қазылған ор қамал қабырғасын қорғауды жеңілдетіп, оның биіктігін зорайта түседі. Тарихи деректерге сүйенсек, цитадельдің жасырын кіріп-шығар бір құпия есігі болған, ал нағыз кіріп-шығар қақпалары көрер көзден жасырын ұсталған. Жау қалаға кірген күннің өзінде ішкі сақина-бекініске тап болады, үш жағынан бірдей атылған жебеден бас көтере алмай қалады.

null 

Жалпы, қалашықта шамамен 60-тай үй-жай болған, оның 35-і сыртқы шеңберге, ал ішкі шеңберге 25 үй орналасқан. Үйлердің түпкі жағында азық-түлік пен отын-су сақтайтын қойма-жертөлелер қазылған. Әрбір үйде бір-екі не үш құдық болады, оның бірі - ауыз-су үшін, ал енді бірі шаруашылық қажетіне пайдаланылған. Жерлеу қуыстарында жүздеген қыш ыдыстар, қола жорық балталары, найза ұштары, пышақтар мен қанжарлар, әшекей заттар, еңбек құралдары, тұрмыстық бұйымдар, жүген-саймандар, ең бастысы - жорық арбасының дөңгелегі табылды. Қуаныш Ормановтың пікірінше, қалашықтағы құрылыс материалдарының таңдалуы да ерекше. Қамал тұрғызуға жұмсақ, жабысқақ топырақты пайдаланған. Тасты мүлдем қолданбай, оның орнына ағашты жаратқан.Дөңгелектің шабақтары сияқты тарамдалған қабырғалар тұрғын үй шеңберін секторларға бөледі, осылайша кейбір үйлердің қабырғасы ортақ болып келеді.

null 

Соңғы жаңалықтар