Қазақстанның қай өңірінде баспана көптеп салынып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл соңына дейін тағы 9,5 мың пәтер пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Нұр Отан» фракциясы жанынан құрылған комиссия отырысында мәлім етті.

«Республикалық бюджеттен Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жобаларды (баспана құрылысы бойынша) ортақ қаржыландыруға 14,2 млрд теңге бөлді. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту және баспана құрылысын ынталандыру саясаты аясында Ұлттық қордан 539 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта оның 460 млрд теңгесі немесе 85 пайызы игерілді», - деді Бейбіт Шаханов.

Сондай-ақ, ол 2015-2016 жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында 42 мың пәтердің құрылысы басталғанын атап өтті. Оның 17,9 мың пәтері пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл несиелік және жалдамалық 16 мың пәтердің құрылысы жалғасты. 2018 жылы 8 600 пәтердің құрылысы аяқталады. Жалпы алғанда, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік инвестиция есебінен шамамен 13 мың пәтер тұрғызылды. Жыл соңында дейін тағы 9,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Ең көп пәтер Алматы қаласында тұрғызылса, ең аз көрсеткіш Қарағанды облысында тіркелген», - деп өз сөзін түйіндеді Бейбіт Шаханов.

Соңғы жаңалықтар