Қазақстанның қай қалаларында тұрғын үй бағасы жоғары

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми статистика бойынша 2016 жылдың қарашасында республикада жаңа тұрғын үйдегі бастапқы/әрленген пәтерлердің жалпы алаңының бір шаршы метрі орта есеппен 248 189 теңге болып белгіленді. Биылғы қазанмен салыстырғанда (249,6 мың теңге) жаңа тұрғын үй бағасы 0,4%-ға, жыл басынан бері 3,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Екінші нарықтағы тұрғын үй (абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату) 2016 жылдың қарашасында осы жылдың қазанымен салыстырғанда (шаршы метрі 189 881 теңге) 0,6% төмендеді және бір шаршы метрі 188 795 теңгені құрады.

Сонымен қатар абаттандырылмаған тұрғын үйді қайта сату 2016 жылдың қазанымен (шаршы метрі 115 172 теңге) салыстырғанда 0,2% артып, бір шаршы метрі 115 371 теңгені құрады.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру қарашада (шаршы метрі 1281 теңге) алдыңғы аймен салыстырғада 0,2% төмендеді және бір шаршы метрі 1278 теңгені құрады.

2016 жылдың қарашасында жаңа тұрғын үй бағасы Астана, Атырау, Алматы, Ақтау мен Шымкентте (айырмашылықтың кемуі шамасымен) республикалық орта деңгейден жоғары болды. Сонымен бірге, қазанмен салыстырғанда бағаның 4%-ға төмендеуіне қарамастан, Ақтауда бұрынғыдай жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы республика бойынша орта деңгейден 20%-ға артық болды. Осыған ұқсас жағдай Атырауда орын алып, алдыңғы аймен салыстырғанда бағаның 8%-ға төмендеуіне қарамастан, республика бойынша жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 31,5% қымбаттағаны байқалды. Астанада қазанмен салыстырғанда баға өзгерген жоқ, бірақ бұрынғыдай республика бойынша алғанда орташа бағадан 37%-ға дерлік жоғары. Жаңа тұрғын үй бағасының ең төменгі құны Жезқазған мен Талдықорғанда 90 000 теңге деңгейінде сақталды. Бұл - «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйдің бағасы. Сондай-ақ, қарашада Қостанайда (4,7%), Шымкентте (2%) және Павлодарда (1,3%) жаңа үйдің шаршы метрінің бағасының 2016 жылдың қазанымен салыстырғанда жоғарылауы байқалды, дегенмен тек Шымкентте баға орта республикалық деңгейден жоғары.

Екінші нарықтағы (абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату) баға бір айда Алматыда өзгерген жоқ, бірақ республика бойынша ең жоғары - шаршы метрі 337,3 мың теңге, яғни орта республикалық деңгейден 80%-ға жоғары. Абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бойынша ең төменгі баға қарашада Қызылордада тіркелді - шаршы метрі 123,6 мың теңге, яғни қазаннан бері өзгерген жоқ.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға берудің бір айда өзгеріске түспеген ең жоғары бағасы қарашада дәстүрлі түрде Астанада тіркелді - шаршы метрі 2394 теңге, бұл республика бойынша орта деңгейден 2

есе жоғары. Қазаннан бері өзгермеген ең төменгі баға Таразда тіркелді - шаршы метрі 836 теңге.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

кезең соңына, өткен жылғы желтоқсанға пайызбен,

өсуі +, төмендеуі -  

 

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016 жылғы

қараша

Жаңа тұрғын үйлерді сату

-8,7

-6,9

4,4

7,1

12,1

9,6

11,5

15,8

-3,3

Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату

-20,4

-6,7

5,1

4,3

16,8

13,8

17,6

9,1

-0,6

Тұрғын үй нарығындағы баға

пайызбен, өсуі +, төмендеуі - 

 

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге

2016 жылғы қараша

2016 жылғы қаңтар-қараша 2015 жылғы қаңтар-қарашаға

2016 жылғы қазанға

2015 жылғы

қарашаға

2015 жылғы

желтоқсанға

2010 жылғы

желтоқсанға

Жаңа тұрғын үйлерді сату

248 189*

-0,4

0,3

-3,3

64,3

11,1

Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату

188 795

-0,6

1,0

-0,6

76,9

8,8

Абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату

115 371

0,2

5,0

3,6

87,5

11,8

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

1 278

-0,2

-0,4

-0,2

52,7

1,8

*Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

 

Соңғы жаңалықтар