Қазақстанның қасиетті жерлері туралы фильмдер алты тілге аударылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның қасиетті жерлері туралы көркем және деректі фильмдер бірнеше тілге аударылып, халықаралық деңгейдегі телеарналардан көрсетілмек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстанның киелі жерлері туралы фильмдерді түсіруге бүгінгі таңда министрлік аса зор көңіл бөліп отыр. Осы фильмдерді түсіруге өңірлік бюджет көздерімен бірге белді азаматтар қаржыларын қосып, ғылыми-зерттеулік мазмұнда, көркем суретті, анимацияларды түсіруге атсалысып жатыр. Бүгінгі таңда еліміз бен шетелдерде көрсетуге арналған бірнеше фильм түсірілді. Соның ішінде 4 фильм өндірісте. Осы төрт фильм Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің 6 тіліне аударылатын болады», - дейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова «Мирас» республикалық кеңесінің көшпелі отырысында.

null 

Вице-министр күрделі ғылыми-зерттеу тұрғысында үш циклден тұратын деректі фильмнің екеуінің түсірілімі аяқталғанын хабардар етті.

«Еліміздің киелі жерлерінің тізіміне енетін орындарды паш етіп, фильмдерді халықаралық деңгейдегі телеарналардан көрсетілетіндей жұмыс істеліп жатыр. Оның ішінде «Жұбан ата кесенесі», «Қорқыт ата кешені», «Шерқала» секілді орындар туралы фильмдер шетелдік көрерменге жол тартады. Өздеріңіз білетіндей, BBC WorldNews атты телеарнада «Қожа Ахмет Яссауи», «Айша Бибі» кесенелері мен «Алтын адам» атты деректі фильмдер аяқталып, оларды 451 миллион көрермендік ауқымда көре алатындай жағдай жасалуда», - дейді ол.

Бұған қоса Қазақстанның халықаралық деңгейде оң имиджін көрсетуге бағытталған фильмдер да ұмыт қалмаған.

«Голливуд актеры Марк Дакаскостың қатысуымен «Кастел» компаниясы түсіріп жатқан «Көшбасшылар елі» деректі фильмінің түсірілімі аяқталды. Қазіргі таңда халықаралық деңгейде көрсетуге болатындай келіссөздер жүргізілуде. «Күлтегін» туралы да деректі фильм көпшіліктің көңілінен шығар деген сенімдеміз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар