Қазақстанның қасиетті орындары туралы алғашқы жинақтар жарық көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бас кеңсесінде «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» атты қос кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null  
Қазақстанның жалпыұлттық және өңірлік қасиетті орындарының толық тізімі енген бұл жинақтар алғаш рет жарыққа шығып отыр.

«Біздің басты міндетіміз - Қазақстандағы қасиетті орындар тізімін жасау ғана емес, бұл нысандарды рухани құндылықтардың картасына айналдыру. Кез келген қазақстандық еліміздің батысы мен шығысындағы, оңтүстігі мен солтүстігіндегі қасиетті жерлерді бірдей білуі керек, осылайша қасиетті орындар арқылы тарихты жүйелі түрде біледі, еліміздің біртұтас тарихын білу ұлттық бірегейлікке жетелейді», - деді «Қасиеті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлы қос кітаптың тұсаукесер рәсімінде.
null 

«Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» кітабы үш тілде 1000 данамен жарыққа шықты. Онда 100 киелі нысан «Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері», «Археологиялық ескерткіштер және ортағасырлық қалалық орталықтар», «Діни және ғибадат орталықтары», «Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар», «Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар» болып бес топқа жіктеледі.
null  

«Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітабы 1000 данамен екі тілде жарық көрді. Бұл еңбекті әзірлеуде ғалымдар ел өңірлеріне экспедиция жасап, жергілікті маңызы бар нысандар тарихымен жете танысқан және 500-ге жуық нысанды жинаққа енгізген.

Сонымен бірге, Берік Әбдіғалиұлы ғылыми-зерттеу орталығының атауын бекітерде «Қасиетті Қазақстан» сөзіне тоқтағандарын түсіндірді.

«Қазақта назардан тыс қалмаған елеулі орындарды киелі, қастерлі, қасиетті, әулиелі деген бірнеше атпен атайды. Біздің тізімге енген барлық нысанды киелі деп атауға болмайды. Мәселен, Алматы мен Астанада Қазақ елі монументі, Бәйтерек, Республика алаңы, Желтоқсан ескерткіші сынды елдің бірлігін көрсететін ескерткіштер бар. Оларды киелі деп айтуға келмейтін шығар, бірақ біз үшін маңызды құндылық болғандықтан, бұл нысандар жинаққа еніп отыр. Одан бөлек, тізімге тарихи тұлғаларға қатысты, саяси оқиғаларға қатысты орындар еніп отыр. Сондықтан, жалпы азаматтық тұрғыда, мемлекеттік мүдде тұрғысынан «Қасиет» сөзі барлығын қамтып тұр деп есептейміз», - деп түсіндірді орталық басшысы.
null 

Қазақстанның жалпыұлттық және өңірлік қасиетті орындары туралы алғашқы жинақтар республика аумағындағы кітапханаларға таратылады.

Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ел аумағындағы қасиетті орындарды өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру үшін «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыруды тапсырған еді.
null 

Мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» РМКК жанынан

«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Соңғы жаңалықтар