Қазақстанның интернет коммерцияға қатысу көрсеткіші қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Astana Digital Forum» аясында әлем елдерінің, соның ішінде Қазақстанның интернет арқылы сауда-саттық жүргізу көрсеткіштері жарияланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, соңғы 30 секундтың ішінде әлем бойынша интернет арқылы 1,2 млн долларға сауда-саттық жасалды. Ол ақшаның басым бөлігі - 387 мың доллар АҚШ-тың үлесінде. Одан кейін Қытай мен Жапония келеді. Ал Қазақстанда қалай? Соңғы 30 секундтың ішінде қазақстандықтар интернет арқылы 2,7 долларға ғана сауда жасады. Әрине, бұл - күлкілі көрсеткіш. Дегенмен, оны әлі де арттыру қажет. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазақстан интернет коммерцияны арттыра алатынына сенім мол», - дейді Қазақстанның интернет бизнесі мен мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкин.

Оның айтуынша, Қазақстанда интернетті пайдаланушылар аз емес. Дегенмен, олардың барлығы бірдей электронды коммерцияға сене бермейді.

Айта кетейік, кеше елордадағы «Қазмедиа» орталығында «Astana Media Week» апталығы басталды .  Бүгінгі «Astana Digital Forum» да аталған шараның аясында өтіп отыр. Осы форумның ашылу салтанатында  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрландыруды қарапайым мысалдармен түсіндірді .  Ал  "CEO Select Communication Group"-тың өкілі Виктор Елисеев цифрландыру аясында жұмыссыздыққа дайын болу қажеттігін жеткізді . 

Соңғы жаңалықтар