Қазақстанның халықаралық бастамалары Үндістанның қолдауына ие болды

None
None
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат -Үндістандағы  мұсылман студенттері  ұйымының ұлттық делегаттары конференциясы аясында Үндістан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігімен арнайы сессия ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Kazakhstan: Home of Peace» (Қазақстан: әлем үйі) деп аталатын сессия жұмысында Үндістандағы Қазақстан елшілігінің өкілдері, сонымен қатар жүзден астам үндістандық Мұсылман студенттері ұйымының мүшелері, оқытушылар, сарапшылар, ғылыми орта өкілдері мен студенттер қатысты. 
 

 Сессия қатысушылары көрсетілген тақырыптар бойынша пікірталастарға белсене қатысып, Үндістанның қоғамдық және сарапшылар ортасы Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайтындығын білдірді.

Айта кетейік, Үндістанның мұсылман студенттері ұйымы елдегі бір миллионнан астам адамның басын біріктірген  ең ірі әрі ықпалды жастар берлестіктерінің бірі. Үндістанның 22 штатында мұсылман студенттері ұйымының 560 өкілдігі жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар