Қазақстанның халқы бір жылда 230 мыңға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18 137,3 мың адамға жетті, 2016 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің ақпараты бойынша, қалалықтар саны - 10 413,2 мың (57,4%), ауылдықтар - 7 724,1 мың адамды (42,6%) құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны 359,6 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,9% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға 21,78 сәбиді құрады.
2017 жылғы қаңтар-қарашада республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 16,9 мың адамға немесе 6,6% кеміп,
239,8 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 14,52 адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар