Қазақстанның ғалымдары жауынгерлік роботты құрастыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әскери ғалымдары жауынгерлік роботты құрастыру жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлім етті, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, әскери ғылымды дамыту үшін  ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінде екі ғылыми-зерттеу институтын қамтитын әскери-ғылыми орталық құрылды. Институттар жауынгерлік өнер мен перспективалы қару түрлерін зерттеумен айналысады. Атап айтқанда, орталықтың бірінші жобасы аясында ұшқышсыз әуе аппаратының алғашқы үлгісі жасалды.

«Мен онымен танысып шықтым. Осыған байланысты жауынгерлік сынақтарды жүргізу туралы тапсырма бердім. Яғни олар тәжірибе жүзінде нақты аппараттарды шығара алады. Қазіргі кезде ғалымдар жауынгер робот жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, қаржылындыруды ескере отырып, осы екі бағыттағы жұмыстарды олар сәтті аяқтайтын болады»,-деп түйіндеді сөзін Жасұзақов. 

Соңғы жаңалықтар