Қазақстанның футзал құрамасы УЕФА рейтингінде 4-орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы УЕФА рейтингінде 8-орыннан 4-орынға көтерілді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

УЕФА ресми рейтингінде соңғы үш ресми турнирдегі нәтиже есепке алынды. Олар: 2016 және 2018 жылғы Еуропа чемпионаты және 2018 жылғы Әлем чемпионаты.

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының нәтижесі бойынша Италия, Украина, Әзербайжан және Сербия елдерін артқа тастады.

Алғашқы үштікте Ресей, Испания және Португалия тұр.



Соңғы жаңалықтар