Қазақстанның футболдан жасөспірімдер құрамасы даниялықтарды жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынында даниялық «Кеге» клубының жасөспірімдеріне қарсы қорытынды матч өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

26-шы минутта Александар Кузнецовтың тәлімгерлері есеп ашып, Лев Скворцов мергендігін паш етті. Даниялықтар екінші таймның 61-ші минутында қарымта соққы берді. Осыдан кейін арада үш минут өткен соң қазақстандықтар тағы алдыға шықты. Дінмұхаммед Қашкен пенальтиден дәл соққы жасады. 76 минутта «Астана» командасының ең жас дебютанты Мәди Жақыпбаев көзге түсті. Кейінгі уақытта даниялықтар екі гол салуға мүмкіндіктері болғанымен ойынның 88-ші минутында тек 1 гол ғана сала алды.

Осылайша, қазақстандықтар даниялық сутболшыларды 3:2 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар