Қазақстанның энергетиктері шетелдік әріптестерін шаң қаптырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ командасы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігі ХІІІ халықаралық жарысында бірінші орынға ие болды.

110 кВ және одан жоғары қосалқы стансылардың жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша бәсекеге биыл Беларусь, Грузия, Қазақстан, Ресей мен Өзбекстан елдерінің бригадалары қатысты. Қазақстанның намысын «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының энергетиктер бригадасы қорғады. Сонымен қатар, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінің өкілдері жарысқа бақылаушылар ретінде қатысты. 

Жарыс «KEGOC» АҚ оқу-жаттығу полигонында (Ақмола облысы, Макинск қ.) өтті. Бригадалар төрт күннің ішінде 6 кезеңдік сынақтан өтті: қолданыстағы ереже мен нұсқаулықтарды білу; жабдықтарға жылу бойынша бақылау жүргізу дағдысы; 110 кВ ажыратқыштарға жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі дағдылар мен шеберлік; 220 кВ жоғары вольттық герметикалық ендірмеге техникалық қызмет көрсетудегі шеберлік; КРУН-10 кВ - сыртқы қондырғының кешенді тарату құрылысымен өртті сөндіру шеберлігі; электр тоғының әрекетінен зардап шегушіні босату және оған көмек көрсету (манекен мен реанимациялық жаттықтырғыш көмегімен) шеберлігі.

Айта кетейік, 2015 жылы аталмыш халықаралық жарыс Беларусьтың Брест қаласында өткен болатын. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігінің халықаралық жарысы 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұрады. 

Соңғы жаңалықтар