Қазақстанның еңбек нарығында қандай мамандар тапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызметтердің кәсіптік топтары, экономикалық қызмет түрлері және өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындары мен кадрларға қажеттілікті анықтау үшін Статистика комитеті «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілігі және саны туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша статистикалық байқауды жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған нысан бойынша статистикалық ақпаратты жинау қаржы және сақтандыру қызметінен; мемлекеттік басқару және қорғаныстан; міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуден; өзге де қызмет түрлерін ұсынатын қызметтен; аумақтан тыс ұйымдардың және органдардың қызметінен басқа экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардан жүргізіледі.

Кадрларға қажеттілікті анықтау кезінде ағымдағы жылы кәсіпорынның қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін қажет қызметкерлердің болжамды қосымша саны есепке алынды.

Осы байқаудың нәтижелері бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарға зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің тізімдік саны 2 370,5 мың адамды, бос жұмыс орындар саны 22112 бірлікті құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындардың үлесі 0,9% құрады.

Бос орындардың басым көпшілігі «біліктілік деңгейі жоғары мамандар» қызметтің кәсіпкерлік тобы бойынша белгіленді - 5412 бірлік, бос жұмыс орындарының жалпы санынан олардың үлесі 24,5% құрады, «біліктілік деңгейі орта мамандар» - 3505 бірлікті, «Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлері» кәсіптік топ бойынша бос орындар саны 3206 бірлікті, «біліктілігі жоқ жұмысшылар» - 3098 бірлікті құрады.

Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік 14336 адамды, қызметкерлердің тізімдік санындағы олардың үлесі 0,6% құрады.

Ағымдағы жыл бойы едәуір көп сұраныс ірі және шағын өнеркәсіп кәсіпорындарының біліктілігі жоқ жұмысшылар - 3138 адамды, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлеріне олардың тапшылығы 3066 адамды құрады және біліктілік деңгейі жоғары мамандар 2135 адамды.

Ұйымдардың басшыларын қоса, барлық деңгейдегі билік және басқару органдарының басшыларына (өкілдеріне) сұранысы аз болып табылады - 390 адам.

Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлеріне басым қажеттілікке құрылыстың (1346 адам) және өнеркәсіптің (919 адам) кәсіпорындары мен ұйымдары тапшылық көруде.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (707 адам), білім беру (282 адам) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (272 адам) салаларындағы ұйымдардың біліктілік деңгейі жоғары мамандарға сұранысы көп.

Экономикалық қызмет түрлері және меншік нысандары бойынша
бос жұмыс орындары мен қызметкерлерге күтілетін қажеттілік

 

 

Есепті кезеңнің басына
бос жұмыс орындар саны,
бірлік

Есепті кезеңге
қызметкерлерге
күтілетін қажеттілік, адам

оның ішінде

 

мемлекеттік меншік

жеке меншік

шетелдік меншік

 

Барлығы

22 112

14 336

2 068

9 845

2 423

 

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

537

1 536

x

x

-

 

Өнеркәсіп

5 242

2 093

58

1 483

552

 

Құрылыс

1 134

2 762

-

2 099

663

 

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

1 149

1 171

-

909

262

 

Көлік және қоймалау

4 095

1 204

65

971

168

 

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

417

525

-

x

x

 

Ақпарат және байланыс

776

221

x

116

x

 

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

239

111

-

111

-

 

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

715

1 105

173

659

273

 

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

2 249

1 560

x

x

-

 

Білім беру

762

360

256

104

-

 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

4 040

1 213

1 137

76

-

 

Өнер, ойын-сауық және демалыс

757

475

98

377

-

 

*х- Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына сәйкес «Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және деректер базалары құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін».

 

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде бос жұмыс орындарының едәуір көп саны өнеркәсіпте - 5242 бірлік, көлік және қоймалау саласында - 4095 бірлік, ең азы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларында - 239 бірлік қалыптасқан.

Құрылыста (2762 адам), өнеркәсіпте (2093 адам) және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте (1560 адам) кадрларға едәуір көп тапшылық белгіленді және көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлерге күтілетін қажеттіліктегі үлесі 55,5% құрады.
Жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерге күтілетін қажеттілік жалпы 2017 жылға 9845 адамды құрады, одан құрылыста - 2099 адам, өнеркәсіпте - 1483 адам, көлік және қоймалау саласында - 971 адам.

Мемлекеттік меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда басым көп қажеттілік денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына келеді (1137 адам). Мемлекеттік меншік нысандағы кәсіпорындардың қызметкерлерге жалпы күтілетін қажеттіліктегі үлесі 55,0% құрады.

2017 жылғы 1 қаңтарға өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындарының басым көп саны зерттелген өңірлердің ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарында қалыптасқан: Астана қ. - 3975 бірлік, Алматы қ. - 3875 бірлік, Қарағанды облысында - 1919 бірлік. Астана және Алматы қалаларында бос жұмыс орындарының көбі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында (1224 бірлік) және (1051 бірлік) құрылды, Қарағанды облысында өнеркәсіпте (661 бірлік), сонымен қатар әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (449 бірлік) қалыптасқан.

Өңірлер бойынша қызметкерлерге қажеттіліктің басым көпшілігі Алматы қаласында белгіленді 4880 адамды, Астана қаласында - 2376 адамды, Алматы облысында - 1598 адамды, Атырау облысында - 1408 адамды құрады.

Алматы қаласы бойынша құрылыс (767 адам) және көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (767 адам), Алматы облысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығында (774 адам), Астана қаласы бойынша құрылыста (385 адам), Қарағанды облысы бойынша кәсіби, ғылыми және техникалық қызметеріндегі (484 адам) кәсіпорындар мен ұйымдар кадрларға тапшылық көруде.

Зерттелген ірі және орта кәсіпорындардағы бос орындардың ең аз саны келесі өңірлерде белгіленді: Қызылорда обласында - (281 адам), Ақтөбе облысында - (311 адам) және Жамбыл облысында - (558 адам), қызметкерлердегі ең аз қажеттілік Ақтөбе облысында - (29 адам), Павлодар облысында - (119 адам), Қостанай облысында - (148 адам) және Ақмола облысында - (161 адам) құрды.

Осы байқау бойынша алынған корытындыларды қызметтердің кәсіптік топтары, экономикалық қызмет түрлері және меншік нысандары бойынша қызметкерлердің құрылымына, бос жұмыс орындарын және қызметкерлерге қажеттілікті талдау жасау үшін қолдануылуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар