Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Қазақстанның ең үздік мемлекеттік қызметшісі таңдалып алынбақ

 Қазақстанның ең үздік мемлекеттік қызметшісі таңдалып алынбақ
2017 жылғы 20 маусым 16:27 1674

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ең үздік мемлекеттік қызметкер байқауы жарияланды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингісінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті.

«Мемлекеттік қызметкерлер күні таяп қалғаны мәлім. Биыл алғаш рет ҚР Президенті Әкімішілігінің қолдауымен Қазақстанда ең үздік мемлекеттік қызметкер байқауы  жарияланды. Үміткерлерді Президент Әкімшілігінің басшысы бастаған комиссия іріктеп алды. Оның құрамына мемлекеттік орган өкілдері ғана емес, Парламент депутаттары, БҰҰ ДБ, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен қоғам өкілдері кірген. Байқауға барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде ауылдық және аудандық деңгейде қызмет етіп жүрген қызметшілер қатысты. Олардың қатарында «Болашақ» стипендиаттары мен мемлекеттік қызметшілер әулеттері де бар», - деді А. Шайымова.

Оның айтуынша, байқауға қатысушылар іріктеудің екі кезеңінен өткен: эссе жазу және комиссия алдында сұxбат беру.

«Конкурсанттар нақты жағдайларда орын алатын міндеттерді шешудегі стратегиялық шешім шығару қабілеттері бағаланды. Соңғы кезеңде олар өздерінің өмірлік және кәсіби басымдықтарын паш етті», - деп атап өтті ол.

Баспасөз мәслиxатында xабарланғанындай, жеңімпаздар 23 маусымда Мемлекеттік қызметкерлер күнінде марапатталатын болады. Шарадан соң, олар ҚР Президентінің қабылдауында болады. Жеңімпаздар Мемлекет басшысының мақтау қағазына және арнайы төсбелгілермен марапатталады.

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер