Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -27 °С
Алматы: -6 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды

2017 жылғы 13 қазан 13:58 1527
Поделиться:
Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада республикалық "Кім білгіш?" зияткерлік-танымдық ойынының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Атап өткен жөн, "Кім білгіш" ойыны - мобильді қосымша арқылы онлайн өткізілетін зияткерлік сайыс. Онда спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, Қазақстан тарихы, өнер, Қазақстан табиғаты, ғылым тақырыптарында 25 мыңнан астам сұрақ қамтылған. Қатысушылар ұялы телефон арқылы өздері таңдаған тақырыптар бойынша сұрақтарға белгіленген уақыт ішінде жауап беруі тиіс. 

Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жыл сайын ұйымдастыратын бұл онлайн-турнир Қазақстандағы тұңғыш мобильді зияткерлік ойын. Өткен жылы мың жарымға жуық оқушы бақ сынаған бұл сайысқа биыл 5 мың бала қатысуға өтініш білдірген. Олардың арасынан 100 үздік оқушы іріктеліп, ең білімді 12 оқушы ақтық сынға түсті.

Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 

Нәтижесінде, қазақ тілінде өткен сайыста жүлделі бірінші орынды Павлодар облысы, Ақсу қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 11-сынып оқушысы Бихан Боранбай, екінші орынды - Шымкент қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Рахат Бейсенбек, үшінші орынды - Шымкент қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Еламан Лесов жеңіп алды.

Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 

Орыс тілінде өткен турнирде Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №4 орта мектебінің оқушылары топ жарды. І орынды Влада Горбенко, ІІ орынды Артем Никишин және ІІІ орынды Данила Григорьев иеленді.

"Жазғы каникулдағы мол уақытты балалар тиімді пайдалансын деген оймен интеллектуалдық ойынды жаз мезгілінде өткіздік. Осылайша, интернет арқылы балалардың білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндігіне ие болдық, олар өнер, мәдениет, тарих, спорт тақырыптарында 25 мың сұрақты жаттап алды. Әрине, келесі жылы да бұл сәтті жоба өз жалғасын табады,  сұрақтарды көбейтеміз және қиындата түсеміз. Тағы бір айта кетерлігі, ойынның ағылшын тіліндегі және латын қарпіндегі нұсқаларын әзірлейміз", - деп мәлімдеді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев Елбасы кітапханасында өткен марапаттау рәсімінде.

Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 


Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 


Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 

Ойын жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев марапаттады. Оларға "2017 жылдың ең ақылды оқушысы" дипломдары мен ноутбук, планшет және смартфондар табыс етілді.  Одан бөлек, финалға қатысқан 6 оқушы да арнайы дипломдармен және смартфондармен марапатталды.

Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 


Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды


Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 



Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды
Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 

"Бұл ойын зияткерлік қабілеттерді шыңдауға арналған бірден-бір мүмкіндік және мен сол мүмкіндікті тиімді пайдалана алдым. Бір сұраққа дұрыс жауап бере алмай, қарсыласыма есе жібердім. Дегенмен, алғаш рет қатысып, ақтық сынға жеткенімді, Астанаға келгенімді және екінші орын алғанымды үлкен жетістікке бағалаймын. Мектепті аяқтаған соң, Назарбаев Университетіне түсуді жоспарлап жүрмін", - дейді республикалық зияткерлік-танымдық ойынның екінші орын жүлдегері, Шымкент қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Рахат Бейсенбек.


Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 


Қазақстанның ең ақылды оқушылары марапатталды 

 


Басты сөздер: Астана, Білім, «КАЗМЕДИА»,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
Мұрағат