Қазақстанның эко-этно туризмді дамытуына мүмкіндігі мол - Рашида Шайкенова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Біз, дәстүрі, тарихы ұқсас көршілеріміз: Моңғолия (көшпенді ел), Өзбекстан, Қырғызстан туризімен бөлек өзіміздің қазақы дүниелерімізді туртоптамаларымызға қосып, ұсына білуіміз керек, деді Қазақстан Туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова Қазақтың спорт және туризм академиясында өткен дәрісінде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Біз, дәстүрі, көшпелі өмір салты, тарихы ұқсас көршілеріміз Моңғолия (көшпенді ел), Өзбекстан, Қырғызстан туризімен бөлек өзіміздің қазақы дүниелерімізді туртоптамаларымызға қосып ұсына білуіміз керек. Бұл жағынан айтқанда, біздің тереңнен тамыр тартқан мәдениетіміз бар. Алтай арқылы өзге құрлықтарға қоныс аударған адамзат тарихы да біздің жерімізде өткенін көрсете алуымыз қажет. Біздің дастарханымыз да ерекше. Түркілердің көшпелі өркениеті жүздеген жылдары бойы біздің мәдениетімізді қалай қалыптастырды, көшпенді өмірінің ажырамас бөлігі: тұлпар ат, тазы ит секілді байлығымызды өз деңгейінде көрсете алуымыз керек. Біз туристерімізге осыларды ұсынуымыз қажет», - дейді Қазақстан Туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова.

Сонымен қатар, ол экотуризмге этно туризмді қосу қажеттігін айтты.

«Экономиканы әртараптандыру аясында арзан жұмыс күшімен қамтамасыз ете алатын саланы дамыту қажет болып отыр. Бұл жәрде әрине, туризм ыңғайлы сала. Екінші жағынан, туризм қызмет көрсету саласы. Қызмет көрсету саласының артуы мемлекеттік дамуын танытады. Бүгінде ішкі және көшпелі туризмді дамыту маңызды. Біз қазір әлемдік туризм нарығында танылуға бет алып отырмыз. Біз шетелдік туристердің келуін қалаймыз. Салуатты өмір салтын сақтауға, қысқа мерзімді шипагерлік демалысын ұйымдастыру біздің азаматтарымыз үшін де тиімді болмақ. Өйткені, біздің елімізде айтарлықтай туристік ресурстар бар. Алайда, біз жаппай туризм дамыған ел емеспіз. Біздің елімізде экологиялық туризмді дамытуға болады. Оған, этнологиялық туризмді қоссақ, туристер молынан тартылады»,  - деді ол.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік туристік ұйымның (БҰДТҰ) мәліметтері бойынша, әлемде 1980 жылдан бастап, 2013 жыл аралығында туристер ағымы 4 есе (278 млн-нан 1087 млн адамға) өскен. 

Мамандардың айтуынша, біздің елімізде айтарлықтай бай табиғи-климаттық, мәдени, тарихи мұралар және туристік саланы сапалы дамыту үшін және ұлттық экономикаға табыс түсіру үшін мол мүмкіндік бар. 

Соңғы жаңалықтар