Қазақстанның екі өңірінде тас жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің екі облысында көктайғаққа байланысты тас жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖ комитетіне сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінен хабарлағанындай, көктайғаққа байланысты Орал-Атырау тас жолы жабылды. Бүгін сағат 02.00-ден бастап осындай шешім қабылданды. Аталмыш бағытта жол қозғалысының қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, өңірде соңғы күндері ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше рет ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 22 наурызда күннің жылынуына байланысты қар еріп, су деңгейі көтеріліп, жайылмаларға шығу қаупі бар. 

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына (жауын, көктайғақ) байланысты облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент» (773-965 км, Белогорка кенті-Қарабұтақ кенті), «Самара-Шымкент» (723-526 км, Ақтөбе қаласы-БҚО шекарасы), «Ақтөбе-Орск» (39-135 км, Шәмші Қалдаяқов кенті - РФ шекарасы), «Ақтөбе-Оренбург» (24-99 км, Хлебодаровка кенті- РФ шекарасы), «Ақтөбе-Астрахань» (11-92 км, Ақтөбе- Қандыағаш қаласы), «Солтүстік айналма» (0-39 км, Ақтөбе қаласының айналма жолы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Соңғы жаңалықтар