Қазақстанның екі облысында боран салдарынан жол жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола және Қарағанды облыстарында жол жабылды, деп хабарлады «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметінде.

Бүгін 09.45-те Ақмола облысында  ауа райының нашарлауына (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты «Екатеринбург-Алматы» жолының 1280-1353 шақырымында, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске, жүк және қоғамдық көлік үшін жол жабылды.

Бұдан басқа, 8 желтоқсанда 18.15-те енгізілген «Астана-Петропавл» жолының Астана қаласынан Щучинск қаласына дейінгі учаскесінде (18-231 шақырым) көліктің барлық түріне жол қозғалысын шектеу сақталады.

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты мына жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді:

1. «Екатеринбург-Алматы»   1492-1610 шақырым, Қарағандыдан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі учаскеде;  

2.  «Екатеринбург-Алматы»   1353-1444 шақырым,   Ақмола облысынан Теміртау қаласына дейінгі учаскеде;

3.  «Екатеринбург-Алматы»  1610-1854 шақырым, Ақсу-Аюлыдан Балқаш қаласына дейін учаскеде жүк және қоғамдық көлік үшін жол жабылды.   

 

Соңғы жаңалықтар