Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы қаңтарда 14,8% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда айналымы 2018 жылдың қаңтарында ақшалай эквивалентпен алғанда 1393,9 млн долларды құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,8% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында ЕАЭО елдерінің экспорты ақшалай эквивалентпен алғанда 424,9 млн доллар болды (өткен жылдың қаңтарынан 9% көп), импорт 969 млн доллар (+17,5%).

Бұл ретте Қазақстанның ЕАЭО елдерімен жалпы сауда айналымында Ресейдің үлесі 92,5%, Қырғызстандікі - 3,9%, Беларусьтікі - 3,5%.


Соңғы жаңалықтар