Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 28,1%-ке өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында 13 971,4 млн долларға жетті. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,1%-ке артық деген сөз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде ЕАЭО елдеріне шығарылған экспорт көлемі ақшаға шаққанда 4154,1 млн долларды (2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда 32,1%-ке көп), импорт көлемі - 9817,3 млн долларды (+26,5%) құрады. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 92,2% болса, қалған бөлігі Қырғызстан (4,3%) мен Беларусьтің үлесіне (3,5%) тура келеді.

Соңғы жаңалықтар