Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -12 °С
Алматы: -3 °С
USD 319.32 EUR 396.28
RUB 5.66 CNY 50.34
Жаңалықтар

Қазақстанның БҰҰ ҚК төрағалығы: Гаагада қорытынды жиын өтті

2018 жылғы 15 ақпан 02:58 503
Бөлісіңіз:
Қазақстанның БҰҰ ҚК төрағалығы: Гаагада қорытынды жиын өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаага қаласындағы Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінде ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының аяқталуына орай дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Сыртқы істер министрі ЕО елшілерімен ынтымақтастық жоспарларын талқылады Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания елшісін қабылдады

Іс-шараға Нидерланд Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәселелері бойынша арнайы тобының үйлестірушісі Роберт Дресен, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше елдерінің елшілері, «Клингендайл» жетекші талдау орталығының сарапшылары және басқа да Нидерландтық академиялық топтарының белгілі өкілдері қатысты.


Қазақстанның БҰҰ ҚК төрағалығы: Гаагада қорытынды жиын өттіТалқылау барысында, Елші Мағжан Ілиясов, Қазақстан төрағалығының шеңберінде брифингтер және пікірталас үлгісінде отызға жуық отырыстар өткізіліп, олардың қорытындылары бойынша Кеңес төрағасының қарарлары және мәлімдемелері қабылданғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 18 қаңтардағы саяси үндеуінің негізгі ережелеріне ерекше назар аударып, олардың ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысының саяси бағдарлары мен тәжірибесі де қамтылғанын баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстанның терроризмге жол бермеуге қатысты кәсіби кодексі жобасын жүзеге асыру бойынша жоғары деңгейдегі арнайы іс-шара өткізгенін талқылады. БҰҰ және терроризмге қарсы Қауіпсіздік Кеңесі басшылығы, жүзге жуық мүше мемлекеттер делегацияларының өкілдері аталған кодекстің өзектілігі мен маңыздылығын ерекше бағалап, құжатты қолдады.

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары ҚР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде атқарған қызметін жоғары бағалап, әсіресе Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін жасалған  әрекеттер ерекше аталып өтті.

19 қаңтарда министрлік пікірталастардың қарсаңында, жеті жылдан бері ұйымдастырылып отырған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Ауғанстанға сапары бұл елдің сыртқы және ішкі тұрақтылығы мен өркендеуін насихаттау үшін маңызды болғаны айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан және Мемлекет басшысының жаппай қырып-жою қаруларын таратпау ісіне елеулі үлес қосқандығы аталып өтті. Кездесу барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің келесі тұрақты емес мүшелерінің 2018-2019 жж. күн тәртібінде жоспарланған әрекеттері жөнінде ауқымды пікірталас болды.

Кездесу нәтижелерін Нидерланд Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәселелері бойынша арнайы топ үйлестірушісі Роберт Дресен қорытындылады.

«Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығы деңгейінде әлемдік қоғамдастыққа өзекті мәселелерді шешудегі сындарлы әрекеттерге икемділігін көрсете білді.  Атап айтқанда, Ауғанстандағы қауіпсіздікті нығайту маңызды өңірлік экономикалық жобаларды, оның ішінде инфрақұрылымды дамыту, электрмен жабдықтау, сауда-саттықты кеңейту және транзит қызметтерін жолға қою сынды жобаларын іске асыруға жол ашады», -деді Роберт Дресен.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат