Қазақстанның бірнеше өңірінде екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты аяз алдарынан Қазақстанның бірнеше өңірінде екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болмайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қарағанды облысында 0-4 сыныптарға сабақ болмайды. Қарағанды білім бөліміндегілердің айтуынша, 22 қаңтар күні ауа температурасы - 25-27 градустан төмен болып тұр, желдің жылдамдығы 4-5 м/с-қа жетеді.

Ауа райының күрт суытуына байланысты Қостанай облысында екінші ауысымдағы 0-5 сынып оқушылары сабақтан босатылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. Ведомствода мәлім етілгендей, күндіз ауа райы -25 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы  секундына 5-8 метр.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында бірінші және екінші ауысымның 1-11 сыныптарына сабақ болмайды.

Дүйсенбі күні аяз салдарынан Шығыс Қазақстан облысының Үржардан тыс барлық ауданында оқушылар сабаққа бармайды. Ең төменгі температура Бесқарай ауданында байқалды, мұнда минус 38 градустан минус 43 градусқа дейін, ал Бородулиха ауданында минус 41 градусқа дейін төмендеді. Аталған аудандарда мектептерден тыс, колледждердің 1-2 курстарының сабағы тоқтатылды.

Өскеменде сағат 11-ге қарай термометр бағаны минус 31-ге дейін, Семейде минус 34-ке дейін, Риддерде минус 31-ге дейін түсті. Мектептер мен колледждердің ешқайсысында сабақ болмайды. Курчатов қаласында минус 37 градус екі ауысымның барлық сыныптарының сабағын тоқтатуға себеп болды. Шемонаиха ауданында ауа температурасы минус 36 болғандықтан, барлық мектеп пен колледждердің бірінші курстарының сабағын тоқтатуға тура келді.

Соңғы жаңалықтар