Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК жеті облыста ескерту жариялады», деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

22-23 қыркүйек күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, 22-24 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облыстарында жауын жауып (нөсер жауын жауып, соңы қарға ұласады) тұман түседі.

15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрып, ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы болады. 22-23 қыркүйек күндері Ақтөбе, Қостанай облыстарында ауа температурасы 0-5-қа дейін төмендеп, кей жерлерде 1-3 градус аяз, күндіз 5-10, кей жерлерде 15 градусқа дейін жылы болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар