Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет таяу күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасының күр суытатыны жөнінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24  қыркүйекте Алматы облысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (арты қарға ұласады) күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, 24-26  қыркүйекте түнде температура 3-8 градус жылы, кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады.

24-25 қыркүйекте  Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, түнде температура   3-8 градус жылы, кей жерлерде 3 градус үсікке дейін, күндіз 15-20, кей жерлерде 12 градусқа төмендейді.

24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түседі (арты қарға ұласады), тұман, жел 15-20 м/с-ге жетеді, ауа температурасы түнде 1-6 суытып, күндіз 5-10 жылы болады деп күтілуде.  

Соңғы жаңалықтар