Қазақстанның бірқатар облыстарында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстаның бірқатар облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5-6 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының 0+7 C-қа қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашын (қар, жаңбыр) мөлшері мол түседі.

6-7 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз 6 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз 6 наурызда 0+5 градусқа дейін жоғарлайды.

5 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.

5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша жауын-жашын мөлшерден тыс түседі. Осыған байланысты, су деңгейлері көтеріліп жайылмаға шығуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар