Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Тек елдің батысында, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады.

Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жел соғады.

Павлодар, Маңғыстау, Алматы облыстарында да жел күшейеді. 

Соңғы жаңалықтар