Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, дауыл тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 27 мамырда ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Көптеген аймақтарда күн күркіреп, жаңбыр жауады. Солтүстік батыста жауын болып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік пен солтүстік батыста тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қызылорда облысының кей өңірінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, таң ата және күндіз Жамбыл облысында, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік жүреді. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар