Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, Павлодар облысында тұман күтіледі.

Ақмола, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты жел соғып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар